Жария етті admin | Күні 29-01-2016, 12:12

Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылық мұражайын аралау Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылық мұражайын аралау

2016 жылы мамыр айында танымал павлодарлық әнші Майра Шамсутдинова 125 жасқа толады. Осыған орай балалар ауылының тәрбиеленушілері М.Шамсутдинова атындағы ән шығармашылық мұражай-үйін аралады. Экскурсия кезінде балалар орындаушының өмірі мен шығармашылығы туралы деректерді қызыға тыңдады, әндері мен Майраның Александр Затаевичпен бірігіп ән жинағандығы туралы білді, жеке заттары қойылған көрмені көрді, ескі музыкалық аспаптар, 19 ғасыр аяғы мен 20 ғасыр басындағы тұрмыстық заттар, павлодарлық әнші-ақындар суреттері балаларға жақсы әсер қалдырды. Галиев Андрей мұражай ұжымына бірнеше музыкалық шығармадан үзіндіні пианинода ойнап берді. Балалар мұражайдың өздеріне ұнағандығы туралы алғыстарын жазба кітапқа жазып кетті.

Жария етті admin | Күні 29-01-2016, 12:10

Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылық мұражайын аралау Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылық мұражайын аралау

 Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылық мұражайын аралау Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылық мұражайын аралау

 

Жария етті admin | Күні 28-01-2016, 14:22

Иса Байзақов атындағы филармонияның балалар ауылында қойған концерті Иса Байзақов атындағы филармонияның балалар ауылында қойған концерті

28 қаңтар күні балалар ауылының тәрбиеленушілеріне Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармония концерттік нөмірмен қонаққа келді. Концертті «Нұр» би тобы әдемі ұлттық бимен ашты. Филармонияның шығармашылық ұжымы балаларды түрлі музыкалық жанрлармен, аспаптармен таныстырды. Балаларға Лейла Сенбаева орындаған итальяндық ән мен домбыра және қобызда ойнаған нөмір өте ұнады.

Бұл көптен күткен кездесу болды, себебі біздің балалар Кенжекөл ауылында музыкалық мектепте шығармашылықпен айналысып өздерінің алғашқы жетістіктерін көрсетуде. Иса Байзаков атындағы филармония ұжымына келешекте шығармашылық табыстар тілейміз және келесі кездесуді асыға күтеміз.

 

 

 

 

Жария етті admin | Күні 28-01-2016, 14:18

Иса Байзақов атындағы филармонияның балалар ауылында қойған концерті Иса Байзақов атындағы филармонияның балалар ауылында қойған концерті

 Иса Байзақов атындағы филармонияның балалар ауылында қойған концерті Иса Байзақов атындағы филармонияның балалар ауылында қойған концерті

 

Жария етті admin | Күні 22-01-2016, 16:16

Тиімді ойын түріндегі педагогикалық кеңес Тиімді ойын түріндегі педагогикалық кеңес

22 қаңтар 2016 жылы «Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында» «Патронатты тәрбиеге байланысты балалар ауылының ұстаздар іс-әрекетінің мазмұны мен оны ұйымдастыру» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Патриоттық тәрбие тұжырымдамалық негіздегі тәрбиенің басым бағыттарының бірі болып табылады, осыған сәйкес, педагогикалық кеңестің қорытындысы «Біздің Отанымыз» атты патриоттық тәрбиедегі бағдарламаны 5 жылдық мерзімге бекіту болды. Бағдарламаның мақсаты, міндеті, бағыты мен күтілетін нәтижесі ұсынылған, шығармашылық тоб құрамында: Смайлханова Анар Қорғанқызы, Иманғалиева Толқын Есенқызы, Маймышева Айнагүл Тұрмысқызы кіретін топ патриоттық тәрбие бойынша «Біздің Отанымыз» атты бағдарламаны дайындап, жобасын көрсетті. Педкеңестің практикалық бөлімінде тиімді ойын өткізілді. Ұстаздар мен тәрбиешілердің біріккен іс-әрекеті балалардың жастық ерекшелігін айқындауға көмегін тигізді, өз ойларын ұсынуға және жобаның қысқаша мазмұнын жасауға мүмкіндік берді. Педкеңестің қатысушылары арасында кәсіби сұхбат шаруашылық, мейірім, тәжірибе алмасу және ынтымақтастықта өтті.

Жария етті admin | Күні 22-01-2016, 16:13

Тиімді ойын түріндегі педагогикалық кеңес Тиімді ойын түріндегі педагогикалық кеңес

 Тиімді ойын түріндегі педагогикалық кеңес Тиімді ойын түріндегі педагогикалық кеңес

 Тиімді ойын түріндегі педагогикалық кеңес

 

Жария етті admin | Күні 13-01-2016, 17:07

Әрқашан көмектесуге қуанамыз

13 қаңтар күні жоғарғы сынып оқушылары Кенжекөл ауылына зейнеткер Неуироева Нина Николаевнаның үйіне көмектесуге барды. Калинин Женя, Колчин Давыд, Долинский Женя, Чембура Максим, Стяжкин Петя, Стяжкин Коля есік алдындағы қарды тазалауға көмектесті, шаруашылық алаңдарға баратын жолды, қақпа сыртын қардан тазалады. Біздің көмегімізден кейін жүк машинасына көмір түсіру үшін кіру оңай. Кейін Нина Николаевнаға үлкен қатты көмірді ұсақтап, ағаш кіргізіп берді. Әже көмекке алғысын білдірді, біз  де Жаңа жылымен құттықтап қабырға сағатын сыйға бердік. Біздің балаларға көмек қолын созған өте ұнады, жалғыз басты қарт адамдарға көмектесу жақсы іс.

Жария етті admin | Күні 13-01-2016, 17:05

Әрқашан көмектесуге қуанамыз