Жария етті admin | Күні 6-11-2015, 14:48

«Отбасы» атты тәрбие моделін жүзеге асыру «Отбасы» атты тәрбие моделін жүзеге асыру

2015 жылдың  6 қарашасында «Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында»  «Отбасы» атты тәрбие моделін жүзеге асыру бойынша облыстық семинар өтті. Семинарға ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған және  жетім балаларға арналған  білім беру мекемелерінің  тәрбие жұмысы жөніндегі  оқытушылары мен  директорлардың орынбасарлары қатысты.

Семинардың теориялық бөлімінде  балалар ауылының әдіскері Литвиненко   Ксения  Олеговна «Отбасы» атты  тәрбие моделін әлеуметтік- әріптестік арқылы  жүзеге асыру»  докладымен, директордың орынбасары  Жусупекова  Бахыт Аспандиярқызы   «Педагогтардың рейтингі- педагогикалық  қызметкерлердің мотивациясын арттыру шарты ретінде» . Семинарға келген қонақтардың ең үлкен қызығушылышын тудырған, бұл  тәрбиешілердің сөз сөйлеуі болды. Осылайша, тәрбиеші –ана Скрынчук Лидия Михайловна өзінің  «Шақырылған ас» атты  жобасын ұсынды. Аубакирова  Тлектес  Турсынқызы  «Бизнес Отбасы» жобасын,  Жунусова Сауленай Токсанбесқызы «Мен азаматпын» жобасын, Капенова Баян Хаджимуратқызы «Отбасы күні» атты жобасын ұсынды. Балалар ауылының кітапханашысы  Нурсеитова Раушан Камбарқызы, балалардың «Болашақ» атты волонтерлік тобы туралы  айтып берді.Тәрбиеші-ана Маймышева Айнагуль Турмысқызы «Зияткерлік отбасы»  атты жобаны  жүзеге асыру туралы, Имангалиева Толкын Есенқызы «Ең үздік тәрбиеленуші» атты жобасын  ұсынды.

 Семинардың практикалық бөлімінде  қатысушыларға келесі жобалар ұсынылды:  жоғары сынып оқушыларының «Көшбасшы» клубының кездесуі өтті. «Шақырылған ас» жобасы аясында сабақ өткізіліп, қорытынды бөлімінде «Бизнес Отбасы» атты жоба  және «Мейірімділік-әлемді құтқарады» тәрбие сағатымен  аяқталды. Семинарды қорытындылай келе, «Отбасы»  атты  тәрбие жұмысын жүзеге асыру  және  оны әрі қарай  жетілдіру бойынша  жұмыстар жалғасады- деп  атап өтті, балалар ауылының директоры Темирханова Динара Жоломанқызы. 

Жария етті admin | Күні 6-11-2015, 12:52

«Отбасы» атты тәрбие моделін жүзеге асыру «Отбасы» атты тәрбие моделін жүзеге асыру

 «Отбасы» атты тәрбие моделін жүзеге асыру «Отбасы» атты тәрбие моделін жүзеге асыру

 «Отбасы» атты тәрбие моделін жүзеге асыру «Отбасы» атты тәрбие моделін жүзеге асыру

 «Отбасы» атты тәрбие моделін жүзеге асыру «Отбасы» атты тәрбие моделін жүзеге асыру