Жария етті admin | Күні 29-10-2015, 14:34

Менің отбасым-менің қуанышым Менің отбасым-менің қуанышым

 Менің отбасым-менің қуанышым

 

Жария етті admin | Күні 29-10-2015, 12:43

Менің отбасым-менің қуанышым Менің отбасым-менің қуанышым

     2015 жылдың 29 қазанында «Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы»  таңертеннен бері қонақтардың келуін күтті. Бұл күні  еліміздің барлық өңірлерінде ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларды  қамқорлыққа алған  азаматтар үшін арналған «Қамқоршы күніне»  байланысты «Балаларға жылу сыйла» атты  акция аясында мереке ұйымдастырылды.

Балалар ауылы, өз отбасында тұратын,өзінің  бұрынғы тәрбиеленушілерін  қарсы алды. Балалар кездесу жөнінде  өз әсерлерімен , жетістіктерімен,білімдері мен қызығушылықтарымен  бөлісіп жатқан кезде, ересектер, балалар ауылының  мамандарымен,  «Жанұя» атты  отбасыны қолдау  орталығымен бірге  дөңгелек үстелге  жиналды. Қатысушылар «Бақыт формуласы- отбасы» атты жоба аясында балаға  психологиялық- педагогикалық  қолдау көрсетуге қатысты  сұрақтарды талқылап, ювеналдық облыс  сотының  судьясы  Иванова Марина Анатольевна мен Павлодар облысының қамқоршылық бөлімінің  басшысы Темірболатова Орынбасар Нажмиденовнадан  құқықтық, психолого-педагогикалық кеңес алды.

«Қамқоршы күні,  біз үшін дәстүрге айналған мереке. Мұндай мерекелерде тәрбиеленушілерге  моральдық  және  психологиялық көмек көрсететін  қонақтар көп жиналады. Бұл мерекенің басты мақсаты: жетім және ата-ананың  қамқорлығынсыз қалған  балаларды асырап алған азаматтарға, қолдау көрсету мен отбасына бала алушылардың  санын арттыру  - деп айтады, балалар ауылының директоры Динара Жоломанқызы.

Балалар көптен күткен  мереке күні Кенжекөл ауылында  қонақтар мен асырап алушыларға  арналған «Менің отбасым-менің қуанышым» атты концерттік бағдарлама  ұйымдастырылды. Балалар  ана, достық туралы өлең жолдарын оқып, ән шырқап, би биледі. Бұл бағдарламаның негізгі бояуы  болып,  тәрбиеші-ананың  және тәрбиеленуші Слюсарь Кристинаның «Родительский дом» атты әнімен сахна төріне шығуы болды. Концерттік бағдарламаның  соңы, әр адамның жүрегін тебірентетін «Анашым» атты  хор әнімен аяқталды. Концерт аяқталған соң, барлық жиналған қонақтар асырам алушыларды құттықтап, жүрек мейірімділігі мен жомарттылық  үшін өздерінің  шексіз алғысын білдірді.