
2015 жылғы 10 сәуірде балалар ауылының тәрбиеленушілері Юра Самойленко мен Илья Долинский «Музыкалық аспаптар» жанры бойынша «Балауса» қалалық шығармашылық конкурсына қатысты. Ұлдар әділқазылар алқасына өздерінің музыкалық композицияларын ұсынды. Ең қиыны артта – оң бағалар мен жүлделі орындар күтеміз.

9 сәуір «Шақырылған кешкі ас» жобасының екінші кезеңі аяқталды. Бұл кезеңде бүкіл отбасы мүшелеріне 3000 теңгеге кешкі ас әзірлеу керек еді. 8 сәуірде «Шақырылған кешкі ас» жобасына қатысушылар азық-түлік бағаларын зерделеу мақсатында «Манақбай» сауда үйіне барды, 10 сәуір күні таңертең азық-түлік сатып алынып кешкі ас әзірлеуге 4 сағат берілді. Әділқазылар мүшелері ретінде Кенжекөл ЖОБМ мұғалімдері шақырылды, балалар өздерінің мұғалімдері бағалайтынын күтпеген еді. Әр қатысушы дастархан мәзірі мен безендіруіне шығармашылықпен қарады, қорытындысы: 1-орын «Нұр» мен «Бақыт» отбасылары, 2-орын «Балдәурен», «Болашақ», «Айгөлек» отбасылары, 3-орын «Балауса» мен «Шапағат» отбасылары. Балаларды алда соңғы шешуші кезең күтуде, сондықтан да табыстар тілейміз!
Бүгін қарттар үйінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған концерт болды. Концерт балалар ауылы тәрбиеленушілерінің күшімен ұйымдастырылды. Қарттар жас әртістердің әндері мен билерін қошеметпен қарсы алды. Біздің ең кішкентай әртісіміз Камиль Ленчин «Звездочка» тақпағын айтқан кезде көпшілігінің көзіне жас үйірілді. Концерт соңында балалар өздері дайындап әкелген тәттілерді ұсынды. Барлық тәтті торттарды тәрбиеленушілер өз ана-тәрбиешілерімен бірге пісірді. Қарттар үйінің әкімшілігі концерт үшін алғыс білдіріп, тағы да қонаққа шақырды.

2015 жылғы 7 сәуірде балалар ауылының тәрбиеленушісі Милана Чижевская «Эстрадалық вокал» жанры бойынша «Балауса» қалалық конкурсына қатысты. Милана әділқазылар алқасына екі композиция ұсынды: «Жаса мәңгі, Қазақстан!» әні мен әскери-патриоттық ән «Казаки в Берлине».
Ересек хореография тобы би жағынан қолдау көрсетті. Тамаша бағалайды деп сенеміз және конкурс нәтижелерін күтеміз.
2015 жылғы 6 сәуірде балалар ауылының тәрбиеленушісі Милана Чижевская «Аялаған Астана» телевизиялық конкурстың кастингісіне қатысты. Милана қобалжуын басып тіркеуден өтті, үлкен сахнаға қадам басты. Ол әділқазылар алқасына «Жаса мәңгі, Қазақстан!» әнін ұсынды, оған ересек хореография тобы би қолдау көрсетті, «Әлемге күлкі сыйла» акапелласын орындады. Милана әділқазылар алқасын өзінінің сүйкімді күлкісімен баурап алды және қойылған сұрақтарға сеніммен жауап берді. Барлық іріктеу кезеңі видеокамераға түсірілді және нәтижелері Мәскеу қаласына жіберілетін болады, бір айдан соң нәтиже шығады. Біз тамаша нәтиже болады деп сенеміз және оң жауап күтеміз.

4 сәуірде біздің тәрбиеленушілер «Дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты» мен « Дарынды ұл балаларға арналған облыстық казақ-түрік лицей-интернаты» ұйымдастырған көрмеге барды. Көрмеге көптеген мектептерден балалар, сонымен қатар, ересектер, білім беру департаментінің және баспа өкілдері келді. Келушілердің назарына әр түрлі стендтер, оригами көрмесі (дымқыл, кеңейтілген, жай, модульдік) ұсынылды. Біздің балалар ұйымдастырушылармен бірге «реверс ойынын» ойнады, «лего роботпен» кубик-рубик құрастырды. Балалар чипс пен коланың адам ағзасына қаншалықты зиян тигізетінін өз көздерімен көрді. «Темекінің зияны туралы» стендінде никотиннен ағзаның қалай бұзылатынын көрді. КТЛ оқушылары ұйымдастырған көрме балалардың көңілінен шықты. Тәрбиеленушілер көрменің табысты өткенін атап өтті. Ұйымдастырушылар қоштасқан кезде балаларға сыйлықтар берді.