Жария етті admin | Күні 17-03-2015, 18:54

Тәрбие жұмысы жүйесінің панорамасы конкурсындағы таңдаулы баяндама   Тәрбие жұмысы жүйесінің панорамасы конкурсындағы таңдаулы баяндама

 

Тәрбие жұмысы жүйесінің панорамасы конкурсындағы таңдаулы баяндама   Тәрбие жұмысы жүйесінің панорамасы конкурсындағы таңдаулы баяндама

 

Жария етті admin | Күні 17-03-2015, 16:20

Тәрбие жұмысы жүйесінің панорамасы конкурсындағы таңдаулы баяндама   Тәрбие жұмысы жүйесінің панорамасы конкурсындағы таңдаулы баяндама

2015 жылғы 17 наурызда облыстың білім беру басқармасының білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығында «Облыстың білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысы жүйесінің панорамасы» облыстық конкурсы өтті.

Конкурсқа педагогикалық тұжырымдамасы бар, үш жыл барысында тұрақты оң нәтижелері бар облыс білім беру мекемелерінің 28 қызметкері, яғни, конкурстың аудандық, қалалық кезең жеңімпаздары қатысты.

Конкурстың қазылар алқасы құрамында ИнЕУ-дің озық ғалымдары, облыстық білім беру басқармасының мамандары, Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы  институты акционерлік қоғамы филиалының әдіскерлері, Инновациялық орталық әдіскерлері,  директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары жұмыс жасады.   

Конкурс қорытындылары бойынша «Жалпы орта білім беру мекемесінің тәрбие жұмысының үздік жүйесі» номинациясы бойынша Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы жеңімпаз атанды.

     Құттықтаймыз!!!

Жария етті admin | Күні 17-03-2015, 13:51

«Greenwich» сауда орталығының бағаларымен танысу

2015 жылғы 17 наурызда дәстүрлі «Шақырылған кешкі ас» жобасы жалғасын тапты.  Мақсаты: өзіне азық-түліктерді дұрыс таңдап, сатып алу, сатып алатын заттарды жоспарлау дағдысын дамыту арқылы тәрбиеленуші-лерге әлеуметтік бейімделуге көмек көрсету. Биыл бұл жобаның демеушілері Қайырымдылық бойынша Халықаралық комитет болды.

«Шақырылған кешкі ас» жобасына қатысушылар: Белов Олег «Нұр» отбасы, Галиев Андрей «Балауса» отбасы, Ермоленко Рома «Балдәурен» отбасы, Роот Татьяна «Бота» отбасы, Жакипова Камила «Болашақ» отбасы,  Чембура Максим «Бақыт» отбасы, Слюсарь Кристина «Шапағат» отбасы, Колчин Давыд «Айгөлек» отбасы, Беркутов Нұрғанат «Толқын» отбасы.

17 наурызда «Шақырылған кешкі ас» жобасына қатысушылар азық-түлік бағаларымен танысу мақсатында «Greenwich» сауда орталығына барды. 

Психолог К.О.Литвиненко мен ана-тәрбиеші С.Т.Жүнісова азық-түлік бағаларымен танысуға және ас мәзірі бойынша азық-түлікті дұрыс таңдауға тәрбиеленушілерге ақыл-кеңес берді.  

  Наурыз мерекесі қарсаңында әр қатысушы 5000 теңгеге мерекелік түскі ас әзірлеу керек. Мерекелік ас мәзіріне міндетті түрде ыстық тамақ, 2 салат, торт және бауырсақ ену керек. Дәм сапасы ғана есепке алынып қоймайды, сонымен қатар, үстелдің эстетикалық безендірілуі есепке алынады.

  Сәттілік тілейміз!

 

Жария етті admin | Күні 17-03-2015, 13:44

«Greenwich» сауда орталығының бағаларымен танысу