Жария етті admin | Күні 16-03-2015, 22:12

Облыс білім беру басқармасы мен ақпараттық технологиялар орталығы 2015 жылғы 1 ақпан мен 13 наурыз аралығында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған «Ерлік, даңқ, батылдық туралы» білім беру ұйымдары сайтының үздік бөлімі облыстық конкурсын өткізді.

Конкурстың мақсаты – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығын мерекелеуге оқушылардың, педагогтар мен қоғамның назарын аударту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы патриоттық тәрбие жүйесінің дамуына әсер ететін ізденушілік-зерттеушілік қызметті жетілдіру.

Конкурсқа Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының және Железинка, Ертіс, Май, Шарбақты аудандарының білім беру ұйымдары қатысты. Барлығы 25 өтінім қабылданды. 

Біздің сайттың «Жеңістің 70 жылдығына» бөлімі бұл конкурста мақтау қағазымен марапатталғанына қуаныштымыз!

Құттықтаймыз!