Жария етті admin | Күні 6-03-2015, 20:27

Нәзік жандылар үшін акция  Нәзік жандылар үшін акция 

Нәзік жандылар үшін акция  Нәзік жандылар үшін акция

2015 жылғы 6 наурызда балалар ауылының тәрбиеленушілері жастар бастамасының қызметкерлерімен бірге қала көшелерінде нәзік жандыларды 8 наурыз мерекесімен құттықтап, құттықтау открыткаларын таратты (өз қолдарымен жасаған). Қаншама қуанышты көріп, алғысқа бөленді! Осындай мейірімді де қуанышты акцияны ұйымдастырып, өткізуге ат салысқан орталық қызметкерлеріне айтар алғысымыз шексіз! Мерекелеріңізбен, құрметті нәзік жандылар!

Жария етті admin | Күні 6-03-2015, 19:57

     «Әйел» бақыты авиалайнер бортындағы» мерекелік концерт   «Әйел» бақыты авиалайнер бортындағы» мерекелік концерт

2015 жылғы 6 наурызда  Кенжекөл ауылының балалар ауылында 8 наурыз  мерекесіне арналған мерекелік концерт болды. Ұлдар «Әйел бақыты авиалайнерінде» қызықты ұшуға шақырды. Авиалайнер қызметкерлері барлықтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Стюардессалар шараны қазіргі заманғы бимен ашты. Стюардтар нәзік жандыларға көптеген жылы сөздер сыйлады. Кіші топтағы қыздар жанға жағымды «Колбельную» және көңілді жадырататын «Латын» билерін орындады. Надя Петрова «Анаға арналған» әнін алғаш рет нақышына келтіре орындады. Дене тәрбиесі оқытушысы мен тәрбиеленуші Виктор Бубеков көрермендерді өз өнерлерімен баурап алды. Тәте-тәрбиешілер, әкімшілік, педагогтар мен техқызметкерлер әр түрлі сайыстарға қатысып, тәтті сыйлықтарға ие болды. Концерт соңында балгер барлық нәзік жандыларға бал ашып, болашақ өмірінде жарқын көктем, қуаныш, бақытты сәттер болатынын айтты.