Жария етті admin | Күні 31-03-2015, 13:22

Әкім сайлауы.   Әкім сайлауы.

Балалар ауылында «БА әкімін сайлау» алдын ала сайлау кампаниясы өтті. Ол 3 кезеңнен тұрды. 2015 жылғы 24 наурызда I кезең өтті. Бірінші кезеңге әр үй өз кандидатурасын ұсынды. 9 тәрбиеленуші өтті. Көп ұпай жинаған алғашқы алты катысушы II кезеңге өтті. Бірінші кезеңде барлық қатысушылар 250 добрикке ие болды. II кезең2015 жылғы 30 наурызда өтті. Алты кандидаттың ішінен 3 тәрбиеленуші қатысты, Нұрқанат Бүркітов жасы бойынша сәйкес келмеді, ал Давыд Колчин өз еркімен бас тартты. II кезеңде әр кандидат өзінің алдын алу сайлау бағдарламасын қорғады. III кезеңге 3 кандидат өтті. Екінші кезеңде барлық қатысушылар 250 добрик алды. III кезеңге 3 кандидаттың ішінен Андрей Галиев өтті. Құттықтаймыз!!! Жарайсың!!!

Жария етті admin | Күні 31-03-2015, 13:21

Әкім сайлауы.   Әкім сайлауы.

 Әкім сайлауы.   Әкім сайлауы.

 Әкім сайлауы.    Әкім сайлауы.

 Әкім сайлауы.   Әкім сайлауы.

 

Жария етті admin | Күні 30-03-2015, 23:35

«Біз отбасымызбен бірге тақпақайтамыз»   «Біз отбасымызбен бірге тақпақайтамыз»

2015 жылғы 30 наурызда балалар ауылында «Біз отбасымызбен бірге тақпақ айтамыз» конкурсы өтті. Қатысушылар конкурстың ережелерімен алдын ала таныстырылды. Дайындық басталды. Тәрбиеленушілер әділқазылар алқасына өз поэзиялық шығармашылықтарын ұсынды. Балалар әр түрлі тақырыпта қойылымдар мен өлеңдер дайындады. Көрермендер ана, отбасы, балалық шақ, ойыншықтар туралы тақпақтар тыңдады. Конкурс қорытыныдысы бойынша үшінші орын «Бота» отбасына, екінші орын «Толқын» отбасына бұйырды, ал жеңімпаз «Бақыт» отбасы болды. Мәнерлеп оқу талантымен көзге түскен балалар аталып өтілді.

Жария етті admin | Күні 30-03-2015, 23:34

«Біз отбасымызбен бірге тақпақ айтамыз»   «Біз отбасымызбен бірге тақпақ айтамыз»

 «Біз отбасымызбен бірге тақпақ айтамыз»   «Біз отбасымызбен бірге тақпақ айтамыз»

 

Жария етті admin | Күні 30-03-2015, 10:04

   «Батыр Мол» «Батыр Мол»

   Бүгін 30 наурызда біз «Батыр Молға» бардық. Міне, көптен күткен күн де туды.  Бұл күнге ұзақ дайындалдық. Бізді шеф аспазшы Антон Саннатович күтіп алды. Амандасқаннан соң  тапсырыс бердік. Тапсырыс дайын болғанша бутиктарды араладық: киім, аяқ киімдерді қарадық. Бәрі сондай тамаша. Үстел мәзірі дайын болған соң, тамақтануға отырдық. Бәрі сондай дәмді болды, тез арада тойдық, содан кейін ойын залына бардық. Барлық аттракциондарда тептік. Қуанышымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Соңында Антон Саннатовичке алғыс айтып, өз қолымызбен жасаған сыйлықты сыйладық. Ол өз тарапынан рахмет айтып, бізбен бірге фотоға түсті. Бұл сапарымыз бізге өте ұнады.

Жария етті admin | Күні 30-03-2015, 09:54

«Батыр Мол» «Батыр Мол»

 «Батыр Мол» «Батыр Мол»

 

Жария етті admin | Күні 28-03-2015, 18:25

Юра ЮНЕСКО-ның «Балалар әлем ырғағында» фестиваліне қатысушы   Юра ЮНЕСКО-ның «Балалар әлем ырғағында» фестиваліне қатысушы

 

Юра ЮНЕСКО-ның «Балалар әлем ырғағында» фестиваліне қатысушы   Юра ЮНЕСКО-ның «Балалар әлем ырғағында» фестиваліне қатысушы

 

 

 

 

 

Жария етті admin | Күні 28-03-2015, 15:30

«Балалар әлем ыргагында» фестивалі   «Балалар әлем ыргагында» фестивалі

 

        2015 жылғы 28 наурызда Павлодар музыкалық колледжінде «Балалар әлем ырғағында» фестивалінің «аспаптар өнері» жанры бойынша ЮНЕСКО-ның 70 жылдығына арналған бірінші айналымы өтті.   

        Бұл жанр бойынша барлығы 28 жеке орындаушы қатысты: Павлодар қаласының №1, №2 музыка мектебі, Шарбақты, Ақсу қаласының шығармашылық үйі, дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп кешені. Юра Самойленко музыка мектебінен келген қатысушылардан қалмай, «Иликай» күйімен лайықты өнер көрсетті.    

 

Жария етті admin | Күні 27-03-2015, 18:11

       Көктемгі демалыста балалар ауылының тәрбиеленушілері 1964 жылы құрылған Павлодар облыстық көркемөнер музейіне барды. Бұл Қазақстан бойынша құрылған екінші музей. Музейдің 40 жылдық тарихында сурет өнерінің ғажайып жиынтығы жиналған, барлығы 5500 экспонаттан асады. Экскурсия жетекшісі Эльмира музей қорынан Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған Армения суретшілері туындыларының көрмесімен таныстырды. Павлодар облыстық көркемөнер музей қорында армения суретшілерінің сурет өнері, графика, мүсіндердің үлкен жиынтығы жиналған (90 туындыға жуық). Біз атақты суретшілер апалы-сіңілі Мариам, Ерану, Асламазян, С.Галастян, А.Бекарян, Д.Налбандянның суреттерін көрдік. Бізге жас суретшілердің суреттері өте ұнады, көркемөнер музейінде балалар суреттерінің студиясы жұмыс істейді. Суреттер махаббат және ықыласпен салынған. Біз музейге барғанымызға ризамыз.

Жария етті admin | Күні 26-03-2015, 18:01

Наурыз -2015   Наурыз -2015

 

    Наурызда орталық алаңда кәсіпкерлер клубы Кенжекөл ауылы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілерін қабылдады. Балалар ашық-жарқын костюмдерде мейрамға қатысуға Павлодарға келді. Ең талантты деген 16 бала мерекелік бағдарлама дайындады. Кәсіпкерлер клубы киіз үйінің жанында балалардың өнерін тамашалау үшін павлодарлық көрермендер жиналды.  

     Театрландырылған көрсетілім кезінде бүлдіршіндер домбырада ойнап, өлеңдер оқыды және қазақ ұлттық билерін биледі. Балалар көрсетілім арасында өздерінің ең таңдаулы нөмерлерін ұсынғандарын айтты. Кенжекөл балалар ауылы тәрбиеленушілерінің шығармашылық қабілеттері көпшілік жұртқа мәлім. Балалар қалалық, облыстық, республикалық конкурстарға үнемі қатысып тұрады. Осы жолы да Наурыз мейрамына қатысудан шет қалмадық.  

    - «Кәсіпкерлер клубы біздің тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге шақырды, - деді Кенжекөл ауылы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының директоры Динара Жоломанқызы - Бұл біздің алғашқы шарамыз. Болашақта клубпен ынтымақтастығымызды кеңейтіп, жалғастырамыз деген ойдамыз.  Бұрын «полк ұлы» деген болды ғой, енді «фирма ұлы», «фирма қызы» болады деп жоспарлаудамыз, яғни, кәсіпкер тәрбиеленушіні қол астына алып, белгілі бір мамандыққа оқытатын болады. Болашақта еңбекке орналасуына көмектесіп, қадағалап отыратын болады».

 

Предыдущая страница Следующая страница
1 2 3 4 5
Загадочные и неповторимые шаблоны DLE для вашего портала.
Только русифицированные шаблоны Joomla помогут реализовать задумки.
Оптимизированные и стильные шаблоны WordPress для сайта на самом лучшем движке.
Элегантные и красивые шаблоны DLE являются лучшим помошников веб дизайнера.
Наверняка только такие шаблоны Joomla являются истинным выбором для ценителя прекрасного.
Не нужно думать и представлять, что шаблоны ВордПресс не могут быть верхом строгости и лаконичности.
Попробуйте выбрать только креативные шаблоны DLE и сконструировать уникальный проект.
Эти современные и легкие шаблоны Юкоз станут оптимальным способом украсить любой веб проект.