Жария етті admin | Күні 17-02-2015, 00:38

Көп күткен күн

   Біз бұл күнге ұзақ дайындалдық. Біздің «Балауса» отбасы 17 ақпан күні шақыру бойынша «Батыр молға» келдік: 7 бала және Күлпаш анамыз. Бізге 20000 мың теңге сыйлық купонын берді, бұл купонға  «Chicken Fried» кафесінде отбасымызбен дем алдық. Бәріміздің көңіл-күйіміз көтеріңкі болды: кішкентай балалар тақпақтар, әндер, билер дайындады. Бірінші саяхатымыз «Viking Land» ойын-сауық орталығында басталды. Бізді Айжан Дәуленқызы аниматорлармен қарсы алды. 3 сағаттан аса лабиринтте, автоматтарда, әр түрлі аттракциондарда ойнадық. Сұлу қыздарымыз Наташа мен Каринаға Светлана Викторовна «татуаж» жасауын ұсынды, олар қабыл алды. Қыздарымыз өте әдемі болды. Біздің отбасымызды шеф-аспаз Антон Саннатович қарсы алды. Біз «ағылшынша тауық», сэндвич, тортильо, қуырылған картоп жедік, тәтті шырындар іштік, бәрі тіл үйірер өте дәмді болды. Ескерткіш ретінде Антон Саннатовичке өз қолымызбен жасаған сыйлықтар бердік, ескерткіш фотоға түстік. Біздің отбасымыз үшін  17 ақпан  «Отбасы күні» болып есептелінетін болады. Демалыс көңілімізден шықты. 

Жария етті admin | Күні 16-02-2015, 12:46

2015 ж 15 ақпанда Заря ауылында Кенжекөл округының аулалық командалар арасында футбол бойынша "Жеңіс кубогы" турнирі  өтті. Турнирге балалар ауылының 5-6 сыныпта оқитын ұл балалары қатысты. Біздің команда Заря ауылының командасымен ойнады. Ұлдар жақсы ойын көрсетіп, 5:3 есебімен ұтты. Ойын жоғары деңгейде өтті.  

Жария етті admin | Күні 15-02-2015, 19:37

    «Балалар балаларға» волонтерлік қозғалыс шеңберінде жексенбі 15 ақпанда біздің ауылға  Президенттік мектептен Жақсылық Дулатқызының жетекшілігімен 7-9 сыныпта білім алатын мейірімді достарымыз келді.  Біздің балалар көңілді қарсы алды: амандасты, құшақтасты, у-шу болып акт залына кірді. Ойын-сауық басталды: сиқыршы сабын көпіршіктерімен әр түрлі өнер көрсетті. Балалар үлкен әсерге бөленді. Зияткерлікке,  қазақ тілін қаншалықты білетіндігіне,  тапқырлыққа, ептілікке бағытталған ойындар ойналды. Ойындардан тыс қалған бала болған жоқ, барлығы белсенді қатысып, ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Кездесу соңында Лаура Болатқызы «Мерекем» әнін шырқады, бұл би кешінің бастамасы болды. Қонақтар кетер алдында жағымды жаңалық айтты. Сара Алпысқызы Назарбаеваның үлгісіне ере отыра, балалар мен ата-аналардың бастамасы бойынша Назарбаев мектебі Қайыр Гайнутдинов пен Софья Флекманның атына МБЖШ шотының ашылатынын хабарлады. Құттықтаймыз! Балалар мен ата-аналарға айтар алғысымыз шексіз! 

Жария етті admin | Күні 15-02-2015, 19:27

   Бүгін біз, балалар ауылының балалары, Ауғанстаннан совет әскерлерін шығару күніне орай ұйымдастырылған  концертте болдық. Біздің ауылға жиі келетін жақын достарымызбен кездестік. Осындай шараға қатыса отыра, Ауған әскерилерінің соғыста құрбан болған достарына құрметпен карайтынын түсініп, бізде де бейбіт Отанымызға, Ауғанстанда қаза тапқандардың аналарына, Ауған әскерилеріне деген патриоттық сезім оянды. Концерт бізге өте ұнады, барғанымызға өте қуаныштымыз.

 

Жария етті admin | Күні 15-02-2015, 15:08

Президенттік мектептен қонақтар. Президенттік мектептен қонақтар. Президенттік мектептен қонақтар.

 

Жария етті admin | Күні 15-02-2015, 15:05

Ауғаныстаннан совет әскерлерін шығару күніне орай ұйымдастырылған  концерт. Ауғаныстаннан совет әскерлерін шығару күніне орай ұйымдастырылған  концерт.

 

Жария етті admin | Күні 13-02-2015, 19:48

Музейде

2015 жылы 13 ақпанда балалар ауылының тәрбиеленушілері Потанин атындағы өлкетану музейіне барды. Балалар өз көздерімен керемет археологиялық қазбалар, мамонт қаңқасы, мүйізі үлкен бұғы, қасқырдың арланы, құстар, түрлі көбелектер мен өрмекшілер, пайдалы қазбалар мен минерал түрлерін т.б. көруге мүмкіндік алды.

Біздің Павлодарлық батырлардың суреттері, қарулары, орден, медальдары, Ұлы Отан соғысындағы жерлестерімізге арналған стенд тәрбиеленушілердің ерекше қызығушылығын оятты. Балалар үлкен қызығушылықпен экскурсия жетекшісі әңгімесін тыңдап, сұрақтар қойды. Олардың қызығушылығы Ұлы Отан соғысының ардагерлері ғана емес, сонымен қатар, тылдағылар да болды. Балалар батырлар тізімін оқып, әр тәрбиеленуші таныс фамилия іздеді. Соңында көргендері туралы қызыға талқылады және музей экспонаттары жанында суретке түсті.

 

 

Жария етті admin | Күні 13-02-2015, 15:28

 

Жария етті admin | Күні 13-02-2015, 15:27

Планетария әлемі Планетария әлемі

 

Жария етті admin | Күні 13-02-2015, 15:24

МузейдеМузейдеМузейде

 

Загадочные и неповторимые шаблоны DLE для вашего портала.
Только русифицированные шаблоны Joomla помогут реализовать задумки.
Оптимизированные и стильные шаблоны WordPress для сайта на самом лучшем движке.
Элегантные и красивые шаблоны DLE являются лучшим помошников веб дизайнера.
Наверняка только такие шаблоны Joomla являются истинным выбором для ценителя прекрасного.
Не нужно думать и представлять, что шаблоны ВордПресс не могут быть верхом строгости и лаконичности.
Попробуйте выбрать только креативные шаблоны DLE и сконструировать уникальный проект.
Эти современные и легкие шаблоны Юкоз станут оптимальным способом украсить любой веб проект.