Жария етті admin | Күні 17-02-2015, 07:31

Көп күткен күн Көп күткен күн Көп күткен күн Көп күткен күн

 

Жария етті admin | Күні 17-02-2015, 00:38

Көп күткен күн

   Біз бұл күнге ұзақ дайындалдық. Біздің «Балауса» отбасы 17 ақпан күні шақыру бойынша «Батыр молға» келдік: 7 бала және Күлпаш анамыз. Бізге 20000 мың теңге сыйлық купонын берді, бұл купонға  «Chicken Fried» кафесінде отбасымызбен дем алдық. Бәріміздің көңіл-күйіміз көтеріңкі болды: кішкентай балалар тақпақтар, әндер, билер дайындады. Бірінші саяхатымыз «Viking Land» ойын-сауық орталығында басталды. Бізді Айжан Дәуленқызы аниматорлармен қарсы алды. 3 сағаттан аса лабиринтте, автоматтарда, әр түрлі аттракциондарда ойнадық. Сұлу қыздарымыз Наташа мен Каринаға Светлана Викторовна «татуаж» жасауын ұсынды, олар қабыл алды. Қыздарымыз өте әдемі болды. Біздің отбасымызды шеф-аспаз Антон Саннатович қарсы алды. Біз «ағылшынша тауық», сэндвич, тортильо, қуырылған картоп жедік, тәтті шырындар іштік, бәрі тіл үйірер өте дәмді болды. Ескерткіш ретінде Антон Саннатовичке өз қолымызбен жасаған сыйлықтар бердік, ескерткіш фотоға түстік. Біздің отбасымыз үшін  17 ақпан  «Отбасы күні» болып есептелінетін болады. Демалыс көңілімізден шықты.