Жария етті admin | Күні 20-01-2015, 10:33

«Жеңістің 70 жылдығына»

 «Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» ММ

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің

70 жылдығын атап өтуге дайындық

бойынша шаралар жоспары.

Pobeda.doc [54,5 Kb] (cкачиваний: 41)

 

 

 

Жария етті admin | Күні 13-01-2015, 16:07

 

Асыранды  баламен алғашқы кездескен кезге ұсынымдар.

  Сіз өз отбасыңызға ұл немесе қыз алуды шештіңіз. Баланың суреттерін қарап, мамандармен сөйлестіңіз. Осы бала кенін жүрегіңіз сезеді. Әңгімені қалай бастау керек? Бұл үлкендер үшін проблема.

  Алғашқы кездесу кезінде бала өзін әртүрлі ұстауы мүмкін. Мектеп жасына дейінгі бала қарым-қатынасқа тез түседі, кездесуді асыға күтеді. Кіші мектеп жасына дейінгі бала үлкендердің жасаған ұсыныстарын тез қабылдайды. Жасөспірімдер сақ, кей кезде агрессиялы ұстайды.

 

 

Асыранды  баламен алғашқы кездескен кезге ұсынымдар.

 

 

Болашақ ата-аналарға келесі кеңестер көмектесуі мүмкін:

 

-         Тым ашық киім киюге, әйел адамға ашық макияж жасауға болмайды;

-         Баламен кездесер алдында темекі тарту керек емес;

-         Баланы атымен атаңыз;

-         Жайлы, нық дауыспен баланың жасын, немен шұғылданғанды ұнататындығын т.б. сұраңыз;

-         Баламен «жоғарыдан төмен» сөйлеспеңіз, орындыққа немесе тізерлеп отырыңыз;

-         Көп сұрақ қоймаңыз, өзіңіз немесе өз отбасыңыз туралы айтып беріңіз;

-         Баланы мұқият тыңдаңыз;

-         Баланы бірден қолға алып, құшақтап, сүюге асықпаңыз;

-         Жанына отырып, қолынан ұстап, ойнатыңыз, бұл мейірімділікке жұмылдырады.

-         Егер бала қолдан қашатын болса, оған бөгет жасамаңыз.

-         1,5-3 жастағы баланы тым жоғары көтеруге болмайды, олар бұл әрекеттен қорқады.

-         Қарапайым түрде сөйлесіңіз.

-         Жұмсақ ойыншық, көрпеше, шыны-аяқ әкелуіңізге болады, балаға бұл зат сізді есіне түсіруге көмектеседі.  

 

Асыранды  баламен алғашқы кездескен кезге ұсынымдар.

 

 

 

Бала үйге бірінші рет келген кезде келесі ұсынымдар қажет болады:

 

-         Алғашқы уақытта үнемі баланың жанында болыңыз, жалғыз өзін қалдырмаңыз;

-         Балаға асықпай үйді, үй жануарларды көрсетіңіз;

-         Үйдегі жағымсыз дыбыстар мен иістерді жойыңыз;

-         Қымбат заттарды қол жетпейтін жерге қойыңыз;

-         Күйзеліс деңгейін төмендету үшін бала үйге кірмес бұрын тәтті беріңіз, жұмсақ ойыншық дайындап қойыңыз;

-         Бірден баланың мекемеде үйренген күн тәртібін бұзбаңыз;

-         Бала кейбір азық-түлікті жегісі келмесе, күштемеңіз;

-         Егер де балаға бір тамақ ұнаса, көп мөлшерде бермеңіз;

-         Балаға көп жаңа ойыншық бермеңіз, үйренбеген ойыншықтардан қорқуы мүмкін, мекемеде өзі ойнаған ойыншықты сұрап алыңыз;

-         Балаға тапсырма берер алдында сұраңыз, немен айналысқысы келетінін;

-         Қызығушылық жүктемені беруге асықпаңыз, алдымен бала үйде қорғаулы екендігін сезінсін;

-         Баланы көруге үйге туған-туыстар мен дос-жарандарды көп шақырмаңыз, көруге үлгереді;

Жария етті admin | Күні 12-01-2015, 14:27

  12 қаңтар күні балалар ауылында медициналық-педагогикалық консилиум отырысы өтті. Күн тәртібінде тәрбиеленушілердің денсаулығы жөнінде мәселе болды. Баяндамашылар: балалар дәрігері М.А.Сейітқазина, медбибілер Г.А.Щербакова, А.Б.Мұстафина. Медициналық-педагогикалық консилиумның шешімі:

1. Балалардың физикалық денсаулығы және сырқаттанудың алдын алу, оның ішінде, созылмалы түрі жағдайы туралы ақпарат назарға алынсын (ана-тәрбиешілер, тәте-тәрбиешілер);

2. Дәрігерлердің тағайындаулары уақытында және жүйелі түрде өткізілсін (медқызметкерлер). 

 

      

Жария етті admin | Күні 6-01-2015, 14:29

  Балалар ауылында әр сейсенбі күні «У Дядюшки позитива» киноклубының отырысы өтеді. Бірінші жарты жылдықта өз мақсаттары мен қажеттіліктерін ойлап, түсінуге, достық, бір-біріне көмекке келуді дамытуға бағытталған фильмдар мен мультфильмдар көрсетілді.

  Биыл Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы атап өтіледі, осыған байланысты екінші жарты жылдықта соғыс тақырыбына арналған фильмдер көрсетілетін болады. Бұл – тарих, ерлік үлгісі, адамдардың қайсарлығы. 

      

 

 

Предыдущая страница Следующая страница
1 2 3 4
Загадочные и неповторимые шаблоны DLE для вашего портала.
Только русифицированные шаблоны Joomla помогут реализовать задумки.
Оптимизированные и стильные шаблоны WordPress для сайта на самом лучшем движке.
Элегантные и красивые шаблоны DLE являются лучшим помошников веб дизайнера.
Наверняка только такие шаблоны Joomla являются истинным выбором для ценителя прекрасного.
Не нужно думать и представлять, что шаблоны ВордПресс не могут быть верхом строгости и лаконичности.
Попробуйте выбрать только креативные шаблоны DLE и сконструировать уникальный проект.
Эти современные и легкие шаблоны Юкоз станут оптимальным способом украсить любой веб проект.