Жария етті admin | Күні 21-01-2015, 18:43

   21 қаңтар 2015 ж  Кенжекөл отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері Бұқар жырау музейіне ойын-сауық бағдарламасына барды.  Мұражай қызметкерлері бізді жылы жүзбен қарсы алды. Балалармен флэш-моб және қызықты ойындар  өткізді. Біз өз тарапымыздан концерт дайындадық. Камиль Ленчин «Звездочка» өлеңін оқыса, Камила Жакипова домбырада «Жастар биі» күйін, Милана Чижевская «Жан анашым» әнін керемет орындады. Музей қызметкері Сәуле Сәдуақасованың шырқаған әніне балалар қосылып, би биледі. Мұражай ұжымы белсенді қатысқан тәрбиеленушілерге тәтті сыйлықтар берді.