Жария етті admin | Күні 17-02-2014, 09:48

   14 ақпанда «Қыздар арасында» клубының отырысы акт залында өтті. Қонаққа бард әндерін орындаушы В.А.Кухарев пен музыкалық колледждің студенттері Екатерина мен Бахтияр келді. Қонақтар әртүрлі тілде әндер шырқады. Тәрбиеленушілер «Махаббатта шек жоқ ...» тақырыбында С.Есениннің махаббат жайлы өлеңдерін оқыды.  Кездесу барлығына өте ұнады. Соңында қонақтармен ескерткіш суретке түсті. 

Жария етті admin | Күні 12-02-2014, 20:48

   12 ақпанда Анамыз Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай дәстүрлі мереке өтті. Мереке барысында Анамыз Сара апаға арналған өлең-тақпақтар, әндер айтылып, билер биленді. Сонымен қатар, «Анамызға сыйлық» көрмесі ұйымдастырылды. 

Жария етті admin | Күні 11-02-2014, 20:49

  Балалар ауылының қызметкерлері мен тәрбиеленушілері «Екі жұлдыз» конкурсына тыңғылықты дайындалды. Әділқазылар алқасын педагогикалық колледж, музыкалық колледж, «De Sheli» косметикалық компаниясының, «Городская неделя» газетінің өкілдері құрады. Барлығы 12 жұп қатысты. Жұптар театр өнері, ән, би, көріністі сахналау т.б. жанрлар бойынша өнерлерін көрсетті. Барлық қатысушылар сыйлықтарға ие болды. 

Жария етті admin | Күні 5-02-2014, 21:30

 

Sara-Nazarbaevany-tuan-kn.doc [35 Kb] (cкачиваний: 41)