Жария етті admin | Күні 28-11-2013, 20:47

   28 қарашада Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында "Ризашылық-2013" мерекесі өтті. Мерекенің қуанышын бөлісуге демеушілер, балалар құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы С.Б.Матаева және Кенжекөл  ЖБОМ-нің әлеуметтік педагогы Р.М Қайырмағамбетова қонаққа келді. Олар балаларға сыйлықтар сыйлады және қуанышты көңіл-күй тіледі.

 

 

 

Жария етті admin | Күні 26-11-2013, 11:45

   Балалар ауылының акт залында Лелик пен Ляликтің қатысумен көңілді мереке өтті. Олар көрермендермен әртүрлі тақырыпта сайыстар өткізді. Балаларға сайыс тапсырмаларын орындауға тәрбиешілер де атсалысты. Әр үйдің атынан тілектер айтылып, әндер шырқалды. Мереке барлығының көңілінен шықты. Мереке соңында әр үйдің балалары өз тәрбиешісімен суретке түсті.

 

Балалар ауылының туған күні   Балалар ауылының туған күні

 

Балалар ауылының туған күні   Балалар ауылының туған күні

 

Жария етті admin | Күні 22-11-2013, 17:35

  22 қарашада бірінші Президент күні қарсаңында кітапханада "ҚР бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаев – қазіргі үздік саясаткер" тақырыбы бойынша саяси сағат өтті. Шараны әдіскер Р.А.Назымбекова өткізді.

 

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының бірінші Президент күні   1 желтоқсан Қазақстан Республикасының бірінші Президент күні

 

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының бірінші Президент күні   1 желтоқсан Қазақстан Республикасының бірінші Президент күні

Жария етті admin | Күні 19-11-2013, 09:22

   Балалар ауылында 18 қарашада темекі шегуге қарсы «Темекісіз әлем» атты шара өтті. Театр үйірмесінің екі тобы тәрбиеленушілер назарына «Муха-Цокотуха» ертегісін ұсынды. 

 

Салауатты өмір салты   Салауатты өмір салты  

 

Салауатты өмір салты   Салауатты өмір салты

Жария етті admin | Күні 11-11-2013, 15:27

«Ризашылық - доброта во благо детям!»

аңдатпасы

 

   Жыл сайын қараша айының соңғы бейсенбі күні республиканың барлық аймақтарында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне «Ризашылық-доброта во благо детям!» атты қайырымдылық мерекесі өткізіледі. Осы іс-шара Қазақстанның Бірінші Ханымы

С.А Назарбаеваның бастамашылығымен және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселелеріне жұртшылықтың назарын аударуға мүмкіндік бере отырып, балалардың адамгершілік-рухани дамуына өз үлесін қосады. Балалардың денсаулығы – біздің еліміздің «алтын қоры», Қазақстанның болашағы  көбінесе балалардың физиологиялық және рухани дамуына тәуелді, сондықтан ағымдағы жылғы қайырымдылық мерекесінің негізгі идеясы – балалардың спротпен айналысуға және салауатты өмір салтына қызығушылықтарын қалыптастыру. Осы жылы «Ризашылық» мерекесі Бірінші Президент күні қарсаңында 28 қарашада өтеді. Кәсіпорындар, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың басшыларын, жетім балалардың тағдырына немқұрайлы қарамайтын азаматтарды балалар үйлерінде өткізілетін іс-шараларға қатысып, құрметті қонақ болып, тәрбиеленушілерге қуаныш сыйлауларыңызды сұраймыз.

Балалар Сіздерді күтеді!

 

Павлодар облысының балалар құқықтарын қорғау  басқармасы

Тел. 8 (87182) 530231, 531940

Жария етті admin | Күні 7-11-2013, 03:04

Біздің әуестігіміз  Біздің әуестігіміз   Біздің әуестігіміз   Біздің әуестігіміз

 

Біздің әуестігіміз   Біздің әуестігіміз   Біздің әуестігіміз