Жария етті admin | Күні 7-10-2013, 10:27

   Жоғары сынып оқушылары кеңесінің бастамасы бойынша 4 қазанда балалар ауылында  өзін-өзі басқару күні өтті. Бұл шара балалар ауылында екінші рет өткізіліп отыр. Күні бойы 7-9 сынып тәрбиеленушілері директорды, директордың орынбасарларын, үйірме жетекшілерін, спорт үйірмесінің жетекшісінің орындарын алмастырды. Әр үйде ана-тәрбиешінің міндетін жоғары сынып оқушылары атқарды.