---
Жария етті admin | Күні 24-10-2013, 10:59

30 қазанда балалар ауылына Катаев атындағы оқушылар сарайының балалар ұжымы келді. Олар оқушылар сарайының 35 жылдығына арналған концерттік бағдарламасын ұсынды. «Арман-шоу» бағдарламасы және «Фея» хореографиялық тобының өнерлерін біз тамашаладық. Көрермендер әр әнді, биді ду қол соғып қарсалды. Концерттің соңында қонақтарға директор Темірханова Д.Ж. бүкіл балалар ұжымының атынан алғыс сөз айтты, ал балалар «РАХМЕТ» деп  алғыстарын білдірді.

 

Хош келдіңіздер, достар!   Хош келдіңіздер, достар!

 

Жария етті admin | Күні 17-10-2013, 10:48

  18 қазанда «Қамқорлық» айлығы шеңберінде Кенжекөл балалар ауылының балалар ұжымы облыстық қарттар үйінде және Кенжекөл ауылының балабақшасында өз өнерлерін көрсетті. Концертке би үйірмесінің, вокал студиясы және театр үйірмесінің мүшелері қатысты. Қарттар үйінде жас әртістерді асыға күтті. Концертті екі тілде 6-сынып оқушысы Белов Олег жүргізді. 

Жария етті admin | Күні 15-10-2013, 10:45

   «Математика білгіштері»  сайысына әр  отбасынан бір өкілден қатысты. Осы шараның мақсаты – математика пәніне қызығушылық тудыру, тәрбиеленушілердің ойда тез санау қабілетін анықтау. Сайыс екі турда өтті: бірінші турда «Логикасы бар ма?», «Кәне санайық!» тапсырмалары орындалды. Екінші турда әр қатысушыға жеке тапсырмалар берілді. Көрермендерге де арналған тапсырмалар болды. Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынға Галиев Андрей,

2-орынға Маукина Гүлбаршын, 3-орынға Скалозубов Владимир ие болды.

Жария етті admin | Күні 7-10-2013, 10:27

   Жоғары сынып оқушылары кеңесінің бастамасы бойынша 4 қазанда балалар ауылында  өзін-өзі басқару күні өтті. Бұл шара балалар ауылында екінші рет өткізіліп отыр. Күні бойы 7-9 сынып тәрбиеленушілері директорды, директордың орынбасарларын, үйірме жетекшілерін, спорт үйірмесінің жетекшісінің орындарын алмастырды. Әр үйде ана-тәрбиешінің міндетін жоғары сынып оқушылары атқарды.

---
Жария етті admin | Күні 4-10-2013, 10:22
   2 қазанда балалар ауылында алғашқы рет жүргізушілер байқауы өткізілді. Тоғыз тәрбиеленуші қатысуға өтініш берді. Байқау ережесі бойынша әр турдан соң екі қатысушы ойыннан шығады. Тапсырмаларды лайықты орындағандар келесі турға өтті.