Жария етті admin | Күні 23-09-2013, 17:43
Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы тәрбиеленушілерінің
конкурстар мен жарыстарға қатысу қорытындылары
 
2013 ж 15 ақпанда балалар ауылының тәрбиеленушілері Гүлбаршын Маукина мен Ксения Слюсарь "Жаса мәңгі, Қазақстан!" әнімен "Балауса" балалар шығармашылығы қалалық конкурсының лауреаттары атанды.
2012 ж 22 қыркүйекте Қала күнін мерекелеу күніне орай ұйымдастырылған "Ең үлкен бауырсақ" қалалық конкурсына  Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері қатысып, бірінші орынды иеленді. Біздің тәрбиеленушілердің үстелі ең әдемі, ең дәмді болды! Құттықтауымызды қабыл алыңыздар! 

 ж

 

2012 ж 31 мамырда  Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының командасы Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Динамо детям Казахстана" жарысына қатысып, жалпы командалық есепте үшінші орын алды.   
Біздің жетістіктеріміз
2012 ж 29 мамырда Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушісі Чижевская Галина шағын орталық тәрбиеленушілері арасында өткізілген "Бүлдіршін-2012" фестивалінің лауреаты атанды.

Біздің жетістіктеріміз 

28-29 мамырда Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының спортшылары 8 кіші олимпиада ойындарына қатысты. Балалар келесі спорт түрлері бойынша жүлделі орындарға ие болды: шағын футболдан 2-орын, тоғыз құмалақтан 3-орын. Құттықтаймыз!!!
2012 ж 28 сәуірде Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының би ұжымы "Таң шолпан" республикалық конкурсына қатысып, 3-орынға ие болды.   

Біздің жетістіктеріміз 

2012 ж 31 наурызда Естай ат. ҚМС Павлодар облысы бойынша балалар ауылы тәрбиеленуші қыз балаларының арасында "Наурыз жұлдызы" конкурсы өтті. Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушісі Галина Чижевская  кіші жас санаты бойынша "Мисс Наурыз жұлдызы-2012" атағына ие болды. Барлық қатысушылар өз қабілеттерін мүмкіндігінше көрсете білді. 
 

Біздің жетістіктеріміз 

2012 ж 2 наурызда Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері "Театр өнері" жанры бойынша "Балауса-2012" қалалық конкурсқа қатысты.  "Мереке" театр үйірмесі "Что такое детская душа?" авторлық көрсетілімін алғаш рет сахналады. Шағын спектакльге орта және кіші мектеп жасына дейінгі балалар қатысты. Балалар Елена Владимировна Потанинаның кәсіби жетекшілігімен бір ай бойы актерлік шеберліктерін шыңдады. Тыңғылықты дайындықтың нәтижесінде қаланың жалпы білім беру мекемелерінің арасында "Лауреат" атанды.
 

Біздің жетістіктеріміз